• Иран Футбол федерациясы Ресей Футбол федерациясына қолдан тоқылған кілем сыйлады

ИИР-ның Футбол федерациясы 2018 жылы Ресейде өтіп жатқан футболдан әлемдік чемпионат сайыстарына әзірлеген ирандық қолөнер шеберлерінің қолдан тоқылған кілемін Ресей Футбол федерациясына сыйға тартты.

IRNА-ның сенбі күнгі хабарлауы бойынша  Ресейде өтіп жатқан әлемдік чемпионатқа аттанған Иранның ұлттық футбол командасының директоры әрі федерацияның бас директоры Мохаммад Реза Сакет пен Мәскеудегі Иран елшісі Меһди Санаи Ресей Футбол федерациясының бас директоры Александр Алаевпен кездесіп, сұхбаттасты.

Сакет кездесуде Ресей Футбол федерациясына әлемдік чемпионат сайыстарын жақсы өткізіп жатқаны үшін алғыс айтты.

Бұдан бұрын Иран федерациясы бір кілемді Испания Футбол федерациясының басшысына да сыйлаған болатын.

 

Jun 24, 2018 09:07 Asia/Almaty
Сараптама