Jun 30, 2018 16:09 Asia/Almaty
  • Еуропаның

Еуропа одағының Сыртқы саясат жөніндегі басшысы Федерика Могерини жұма күні Брюссельде өткен Еуропа одағы басшыларының екі күндік отырысының соңында Еуропа одағының Иранға қолдау көрсету пакетіне дауыс бергенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Еуропа одағына мүше елдердің басшылары 28 оң дауыспен "Ортақ қадам" келісімі шеңберіндегі ИИР-на қолдау көрсету пакетін бекіткен. Қолдау көрсету пакетінің мазмұнын алдағы екі күннің ішінде ИИР-ның басшыларына ұсыну жоспарланып отыр.

"Ортақ қадам" келісімі шеңберінде Иранға қолдау көрсету пакетін бекіту Еуропаның АҚШ-тың Иранға қарсы ядролық санкцияларын қайтадан күшіне енгізу әрекетімен күресу үшін берген уәделері  аясында жүзеге асырылады. Иранның "Ортақ қадам" бағдарламасындағы мүдделеріне кепілдік беруге бағытталған Еуропа одағы ұсынған пакетті маусымның соңына дейін ұсыну жоспарланған болатын. "Ортақ қадам" келісімінің еуропалық тараптары Германия, Франция мен Ұлыбритания – Иранға қолдау көрсету пакетін әзірлеген елдер. Тек Болгария ғана басында Иранға қолдау көрсету пакетіне қарсылық білдіріп, кейін оң дауыс берді. Иран үшін қазіргі кезде өте маңызды нәрсе ол – "Ортақ қадамда" қалудан өз мүдделеріне жетіп, "Ортақ қадам" шеңберіндегі еуропалық серіктестерінен нақты кепілдіктер алу. Иран Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Иран мен "4+1" тобы арасындағы әрекеттестік аясындағы "Ортақ қадам" бағдарламасын жалғастыру үшін бірқатар шарт ұсынды. Олар Иранның зымырандық бағдарламасы мен оның аймақтағы ықпалы мәселесін көтермеу, Иранның өзіне қажет мұнайды сатып алуы, Еуропа мен Иран арасындағы банктік байланыс пен АҚШ-тың санкцияларына ашық түрде қарсылық білдіру секілді мәселелерді қамтиды. Еуропалықтардың өздері де АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының қайта күшіне енуінің барлық аспектілерімен күресуге шамасы келмейтінін, әсіресе Total, Siemens және Airbus секілді ірі еуропалық компаниялардың Иранның нарығынан шығу туралы шешімдеріне ықпал ете алмайтындықтарын бірнеше рет мойындаған болатын. Сонымен қатар, Еуропа одағы соңғы айлардың ішінде Еуропа мен Иран арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды сақтап қалу мен АҚШ санкцияларының, әсіресе санкциялардың екінші легінің салдарларының алдын алуға бағытталған шешімдерді қабылдаған болатын. Оларға АҚШ-тың 1996 жылы бекіткен санкцияларымен күресуге бағытталған "бұғаттау ережелерін" қайтадан жүзеге асыру жатады. Жаңадан бекітілген заңға сәйкес, еуропалық компанияларға АҚШ санкцияларының шектен тыс шарттарын орындауға тыйым салынған. Сонымен қатар, Еуропалық комиссия Еуропаның инвестиция банкінен Ирандағы белсенді еуропалық инвесторларға қолдау көрсетуді сұраған. Еуропалық басшылар тарапынан ұсынылған қолдау көрсету пакеті Еуропаның "Ортақ қадам" келісімін сақтап қалуға бағытталған жаңа қадамы ретінде бағаланып отыр. Қазіргі таңда тек Еуропа ғана емес, сондай-ақ, Ресей мен ҚХР да АҚШ пен сол елдің президенті Дональд Трамптың біржақты әрі зорлықшыл ұстанымдары мен әрекеттеріне қатысты өз ұйғарымдарын анықтауы тиіс. Иран СІМ Саяси істер жөніндегі орынбасары Аббас Арақчи былай деді: "Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасында қалуы Еуропалық елдер мен Ресей және ҚХР-ның әрекеттеріне байланысты".

Трамптың АҚШ-тың "Ортақ қадамдағы" мүдделерінің қамтамасыз етілмегенін сылтауратып, одан шығып кеткеніне қарамастан, "Ортақ қадам" Иранның ядролық мәселесін шешу үшін Иран мен "алтылық» тобы арасында жасалған келісім ретінде өзінің тиімділігін көрсетті. "Ортақ қадамнан" айрылу міндетті түрде еуропалықтар үшін түрлі аспектілер бойынша ірі жеңіліс болып есептелінеді. Германия Канцлері Ангела Меркель Еуропаның АҚШ президенті Дональд Трамппен "Ортақ қадам" мәселесіне қатысты қайшылықтарын шынайы қиындық деп атады. Иран қазіргі таңға дейін "Ортақ қадам" бағдарламасы мен оны жүзеге асырудағы адалдығын бірнеше мәрте дәлелдеді. Енді "Ортақ қадамды" сақтап қалу үшін еуропалықтардың іс-жүзіндегі анық қадамдар жасайтын кезегі келді. "Ортақ қадамды" сақтап қалу Еуропаның саяси, қауіпсіздік, сауда-экономикалық мүдделері және Трамптың біржақты әрекеттерімен күресуде әсерлі шара қолдану аясында жүзеге асырылатыны анық.

 

 

Тегтер

Сараптама