• Австрия президенті Иран президентін ресми түрде қарсы алды

Австрияға сапармен барған ИИР-ның президентін сол елдің президенті ресми түрде қарсы алды.

Австрияның жоғары басшыларымен кездесіп, сөйлесу үшін келген ИИР-ның президенті Хасан Руханиді сәрсенбі күні ел президенті Александер Ван дер Беллен Hoffenburg сарайында ресми түрде қарсы алды.  

Қабылдау рәсімінде екі елдің ұлттық әнұрандары шырқалуымен бірге Иран мен Америка президенттерінің құрметіне Hoffenburg сарайының аумағында парад өткізіліп, екі президент қастарындағы басшыларды бір-біріне таныстырды.

ИИР-ның президенті Хасан Рухани еуропалық сапарының жалғасында сейсенбі күні Австрияның астанасы Венаға келген болатын.

Австрия президенті Александер Фан дер Беллен мен канцлер Себастьян Курцпен кездесіп, келіссөздер өткізу, әртүрлі салалар бойынша серіктестік құжаттарына қол қойып, Австрияда тұратын ирандықтармен кездесу Руханидің Венада жоспарлаған маңызды бағдарламаларының қатарын құрайды.

 

Jul 04, 2018 20:07 Asia/Almaty
Сараптама