• «Ортақ қадам» келісімінің жалғастығы барлық тараптардың міндеттемелерінің үйлесімділігіне байланысты

ИИР-ның президенті Венада АҚХА-нің бас директоры Юкио Аманомен кездесуінде Агенттіктің негізгі міндетінің халықтардың ядролық бейбіт технолгияны пайдаланудағы құқықтарын қорғау деп атап: «Ортақ қадам" келісімі халықаралық дипломатия мен АҚХА үшін үлкен жетістік болды. Оның жалғастығы тек барлық тараптардың міндеттемелерінің үйлесімділігіне байланысты.

Американың «Ортақ қадамнан» шығуы бұл келісімнің үйлесімділігін бұзды. Мұндай жағдайда келісімнің қалған тараптары осы әрекетке қарсы тұрып, тараптың келісімнен шығуының салдарының орнын толтыруы керек.

 

Егер «Ортақ қадам» келісімінде Иран халқының құқығы қамтамасыз етілмесе, Иранның аталмыш келісімде қалуына себеп қалмайды. Иранның ядролық жұмыстары әрдайым бейбіт мақсаттарды көздеді, әлі де солай. Бірақ, АҚХА-мен серіктестік деңгейі туралы шешімді Теһран қабылдайды. Иранның жағдайын өзгертіп, Агенттікпен серіктестік деңгейін анықтау жауапкершілігі жаңа жағдайды қалыптастыратын адамдардың мойнында болмақ» деді.

 

Jul 06, 2018 10:13 Asia/Almaty
Сараптама