• Вена отырысының қорытынды мәлімдемесі жарияланды

"Ортақ қадам" бағдарламасының ортақ комиссиясы мәлімдеме жариялап, Иранмен қаржылай және экономикалық қатынастардың тиімді арналарын сақтап, оны әрі қарай жалғастыру қажеттігін қуаттады.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, "Ортақ қадам" бағдарламасының ортақ комиссиясы кеше жұма күні Аустрияның астанасы Венада өткен отырыстың соңында жариялаған мәлімдемесінде Иранмен арадағы қаржылай және экономикалық қатынастарды сақтап, арттырып, кеңейту қажеттігін қуаттады.

Мәлімдемеде Иранмен өзара әрекеттестік үшін тиімді арналарды сақтап, жалғастыру, мұнай, газ конденсаты, мұнай және химия өнімдері экспортын жалғастыру, теңіз тасымалын, атап айтқанда жүк тасымалы мен сақтандыруды жалғастыру, құрлық, әуе және темір жол тасымалы мен экспорттық несиелерді өтеуді нығайту баса айтылды.

Сонымен қатар, Иранның экономика саласының ойыншыларына, атап айтқанда шағын және орта компанияларға айқын әрі тиімді түрде қолдау көрсету, Иранда көбірек инвестиция салуға ынталандыру, экономикалық белсенділерге Иранда инвестициялауға, басқа да қаржылай және сауда-саттық әрекеттеріне қолдау көрсету, Ирандағы сауда-саттық пен инвестициялауды іс жүзінде қолдап, компанияларды АҚШ-тың санкцияларының аймақтан тыс салдарларының алдында қолдау мәлімдемедегі басқа да тармақтардың қатарын құрайды.

Мәлімдемеге сәйкес, "Ортақ қадам" келісімінің мүшелері Еуропа одағына мүше елдерге тиесілі компанияларға қолдау көрсету мақсатында кедергі жасау заңын заманға сай жаңарту үдерісі мен Еуропаның инвестициялау банкінің Иранға несие беру рұқсатнамасын жаңартуды қадағалайды.

 

 

 

 

 

Jul 07, 2018 19:05 Asia/Almaty
Сараптама