• Еуропа

ИИР президенті Хасан Рухани Иранның Жоғары экономикалық үйлестіру кеңесінің сенбі күні өткен төртінші отырысында: "Еуропа елдері "Ортақ қадам" негізіндегі экономикалық ынтымақтастықтарды жалғастыруға саяси тұрғыдан ерік білдірді. Алайда бұл істі жүзеге асыру сындарлы қадамдар жасап, анық шешім қабылдауды қажет етеді. Бұл іс сонда ғана бекітілген уақытта тиісті нәтиже береді",- деді.

АҚШ президенті Дональд Трамп мамырдың сегізі күні "Ортақ қадам" бағдарламасынан шықты. Трамптың бұл әрекеті елдің іші мен халықаралық деңгейдегі ауқымды айыптауларға тап болды.

Ұлыбритания, Франция, Ресей, ҚХР, Германия мен Еуропа одағы "Ортақ қадам" келісімінің тараптары ретінде бұл халықаралық келісімді қолдайтындықтарын мәлімдеді.

Иран мен Еуропа одағы соңғы апталардың ішінде АҚШ "Ортақ қадамнан" шыққаннан кейін жағдайда халықаралық келісімді сақтап қалу мақсатындағы келіссөздерге кірісті.

 

 

Тегтер

Jul 08, 2018 17:17 Asia/Almaty
Сараптама