• Эбтекар: Әлем бейбітшілікті сақтау үшін «Ортақ қадам» келісіміне қолдау танытуы керек

ИИР президентінің Индонезияға жіберген арнайы өкілі әлемдік қоғамдастықтың, соның ішінде ең үлкен ислам елдерінің бірі Индонезия мен Қосылмау қозғалысына мүше елдердің басшыларының бейбітшілікті сақтау үшін серіктестік жасауын маңызды деп атады.

ИРНА-ның мәліметі бойыша ИИР президентінің әйелдер мен отбасы істері бойынша орынбасары сәрсенбі күні Индонезия СІМ Ретно Марсудимен Джакартада кездесуде Американың «Ортақ қадам» келісімінен заңсыз түрде шығуына тоқталып: ««Ортақ қадам» келісімі тек Иран мен батыстың бірнеше елі арасындағыы серіктестік құжаты ғана емес, сонымен қатар бүгінгі әлемде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау бағытындағы халыаралық құжат саналады. Сондықтан бір елдің одан біржақты түрде шығуына байланысты қатерге ұшырамауы керек» деді.  

Индонезия СІМ Ретно Марсуди де кездесуде Индонезияның дипломатияны халықаралық мәселелерді шешуде ең маңызды және ең жақсы механизм ретінде қолдап келе жатқанын, «Ортақ қадам» келісімінің қолдаушыларының бірі болғанын, қазіргі уақытта да тараптардың «Ортақ қадам» келісіміне халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылыққа көмектесу бағытында табандылық танытуын сұрайтынын мәлімдеді.

 

 

Jul 11, 2018 17:51 Asia/Almaty
Сараптама