• Ресей Иранның Сирияда тұрақтылық орнатудағы ролінің маңыздылығын қуаттады

Ресейдің Қорғаныс министрі Иранды аймақтағы маңызды ойыншы деп атап, оның Сирияда тұрақтылық орнатудағы маңызды ролін қуаттады.

Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу сәрсенбі күні италиялық Il Giornale газетіне берген сұхбатта Иранның Сирияда атысты тоқтату бітімін кепілдендіруші елдер Түркия және Ресеймен Астана үдерісіндегі маңызды мақсатының Сирия дағдарысын шешуде келісімге қол жеткізу екенін айтты.   

Шойгу Мәскеу мен Вашингтон байланыстарында түйткілдердің арта түскеніне тоқталып, оны Американың кейбір жауапты тұлғаларының қасақана және толығымен қолдан жасап отырғанын айтып: «Вашингтон «Американың Таяу Шығыс пен Қиыр Шығыста дұшпандары бар» дейді де, әскери базалары мен күштерін Ресей шекараларына жақын орналастырады. Дамаск Мәскеуден С-300 зымырандық кешендерін алу туралы ұсыныс жасаған жоқ. Бірақ Ресей бұл туралы келіссөз жүргізуге әзір" деді.

 

 

Jul 11, 2018 20:56 Asia/Almaty
Сараптама