• Қытайдың Сауда министрлігі Америкадан басқа елдерден тауар импорттайтындықтарын мәлімдеді

Қытайдың Сауда министрлігі қытайлық компаниялардан Американың орнына басқа елдерден тауар импорттауды сұрады.

ИРНА-ның сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша Қытайдың Сауда министрлігі мәлімемеде қытайлық компаниялардың Американың сауда соғысымен қарсыласу үшін біртіндеп өзінің импорттық құрылымдарын өзгертіп, май шығаратын шекілдеуік пен соя, теңіз өнімдерін, тіпті автокөлікті басқа елдерден импорттауды қарастыруды сұрады.

Қытай Сауда министрлігінің мәлімдемесінде Бейжіңнің Қытайда шетелдік инвестицияны қолдайтыны, оларды әсерлі түрде пайдалану мен инвесторларға қолайлы кеңістік қалыптастыруды көздейтіндігі айтылған.

Америка президенті Дональд Трамп 34 млрд долларлық кедендік тариф салу арқылы Қытаймен сауда соғысын бастады.

 

Тегтер

Jul 11, 2018 21:12 Asia/Almaty
Сараптама