• Тыңшылық жасап, төңкеріс ұйымдастыру – АҚШ елшіліктерінің миссиясы

Әртүрлі елдердің тарихына жасаған шолу АҚШ елшіліктерінің дипломатиялық рөл атқарудан гөрі тыңшылық мақсатта қызмет етіп отырғанын дәлелдейді. Бұл АҚШ-тың басқа мемлекеттердегі бүлдіргі рөлінің белгісі саналады.

АҚШ-тың төңкеріс ұйымдастыруда рөл атқарудан бастап, АҚШ елшіліктері орналасқан елдердің қарсыластарымен бағыттас әрі жақтас болуды қамтитын оның басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласу ісіне көңіл бөлініп келді. Тарихта осындай жайттың мысалдары көптеп кездеседі. Мұндай жағдайда АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Батыс Азия аймағында болған кезде Иран елшіліктерінің орналасқан елдердің ішкі істеріне араласатыны туралы уәж айтқан болатын. Бұл уәждер Ираннан үркіту жоспары шеңберінде бағаланғанып, АҚШ-тың өз одақтастарымен бірге Иранның сезімтал Батыс Азия аймағындағы рөліне әсер ету мақсатында талпыныс жасап жатқанын көрсетеді.

АҚШ-тың басқа мемлекеттерде орналасқан елшіліктерінің арнайы міндеті Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасемидің айтқан ұстанымдарында баса айтылды. Ғасеми: "Помпео Иранға қарсы өзінің негізсіз уәждерін түрлі ақпарат көздерінде АҚШ елшіліктерінің дипломатиялық қызметкер кейпіндегі жүздеген әскери және қауіпсіздік қызметкері арқылы жасаған тыңшылық әрі бүлдіргі әрекеттері туралы жарияланған жағдайда айтты. Қазіргі заман тарихы АҚШ елшіліктерінің орналасқан мемлекеттердің сыртқы қатынастарын бұзып, олардың ішкі істеріне араласу мақсатындағы заңсыз әрекеттері мен халықаралық заңдар мен ережелерді бұзушылыққа толы",- деді.

АҚШ-тың басқа елдердегі, атап айтқанда Ирак, Ливан, Венесуэлла мен Ирандағы елшіліктерінің әрекеттері бұл елшіліктердің бүлдіргі рөлін көрсетіп отыр. Ирак пен Ливан өткен мамыр айында парламенттік сайлау қарсаңында осы елдегі АҚШ елшілерінің ауқымды бүлдіргі әрекеттеріне куә болды. АҚШ-тың Ирактағы елшісі 2018 жылы 12 мамырда Ирактағы парламенттік сайлау өткізілер алдында бұл елде қайшылық тудыру мақсатында саяси өкілеттігінен тыс Ирактың түрлі саяси топтарымен, атап айтқанда сүнниттік ағымдағы партиялармен түрлі отырыстар өткізді. Әлемдегі АҚШ-тың ең үлкен елшілігі жаңа Ирак кезеңінде ерекше рөл атқарады. Бұл АҚШ-тың осы елдің ішкі істеріне араласуының белгісі саналады. Сол себепті де Ирак халқы, түрлі топтары мен қайраткерлері бірнеше мәрте Бағдадтағы АҚШ елшісінің рөлін бүлдіргі сипатта деп атады. Ирак Парламентінің депутаты Нахла әл-Хибабидың пайымдауынша: "Жуырдағы парламенттік сайлау кезінде АҚШ жасырын түрде Сайлау комитетінің мүшелерімен әріптестік жасап, келешек Үкіметтің бағытын өзгертуге талпыныс жасаған. Бұл мәселе АҚШ-тың Ирактағы елшісі арқылы қадағаланып отырған".

АҚШ елшіліктерінің басқа елдердің ішкі істеріне араласуының тағы бір мысалы ретінде АҚШ елшілігінің жуырдағы Венесуэлада орын алған тынышсыздықтар кезіндегі бүлдіргі рөлін атауға болады. АҚШ елшілігінің Венесуэла президентінің оппозиционерлерімен ынтымақтастық жасайтыны баршаға мәлім. Бұл Ақ үйдің Латын Америка аймағындағы АҚШ-қа қарсы бағытта ұстанатын үкіметке қарсы дұшпандық саясатының нышаны болып табылады. Осы мәселеге қатысты Венесуэла президенті Николас Мадуро былай деді: "АҚШ әлемдегі өзінің барлық елшіліктерін Венесуэланың саяси істеріне араласу үшін іске қосты".

Жоғарыда айтып өткен АҚШ елшілігінің Ирандағы бүлдіргі рөлі болса мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыру арқылы Иранның сол кездегі заңды үкіметін (Мосаддеқ үкіметі) билік басынын құлатумен көрініс тапқан басқа елдің ішкі істеріне араласудың шарықтау шегі саналады. Ислам революциясы құжаттарының орталығы бұл жайында: "Х.ш.ж.с.б 1332 жылы (1953 ж) мордадтың жиырма сегізі орын алған төңкерісте АҚШ елшілігі мен бұл елдің елшісі Луи Хендерсон ерекше рөл атқарған. Шынтуайтында, АҚШ елшілігі төңкеріс амалдарын жүзеге асырушы штаб болған",- деп жазды.

АҚШ өзінің осындай теріс өткенімен басқаларға қатысты ұстаным білдіретіндей дәрежеде емес. АҚШ Мемлекеттік хатшысының айтқан уәждері өз кінәсін басқаға таңу мен Иранның аймақтағы сындарлы рөліне ықпал ету болып табылады. Иран екі маңызды қағида, яғни көршілермен жақсы қатынас құру мен басқа мемлекеттердің ұлттық егемендігін құрметтеуге байланысты басқа мемлекеттердің алдында достық қатынас орнату саясатын ұстанады.

 

 

 

Jul 13, 2018 01:07 Asia/Almaty
Сараптама