2018 жылдың шілде айының 28 мен тамыз айының 11 аралығында Қазақстан, Иран, Ресей, Қытай, Әзірбайжан, Армения мен Беларусь елдерінің территорияларында "АрМИ-2018" IV халықаралық әскери ойындары өтті. Халықаралық шарада 33 елдің әскери командалары 28 дисциплина бойынша сайысқа түсті.

Қазақстан республикасының аумағында халықаралық әскери ойындар аясында ұшқышсыз ұшу аппараттарының "Сұңқар салу", артиллериялық бөлімшелердің "Артиллериялық өрт шеберлері" және әскери байланыс қызметкерлерінің "Сенім қабылдау" атты жарыстары өтті. Қазақстан жеріндегі жарыстарға 12 елден 18 команда қатысты.

"Сұңқар салу" сайысы аясында әскери командалар ұшқышсыз ұшақтың ұшатын жерінен 35 км қашықтықты қамтитын 3 бақылау жүргізу ауданындағы нысандарды анықтау тапсырмаларын орындады. Сайысқа 4 команда қатысты., Иран армиясының құрама командасы кәсібилік және амал-әрекеттердің үйлесімдігі тұрғысынан ең мықты команда деп танылып, майор Мехди Якуби ең үздік ұшқыш атанды.

"Артиллериялық өрт шеберлері" атты сайысқа 11 елдің командалары қатысты. Олар әртүрлі кедергілерден өту, 120 миллиметрлік мина атқыштар, танкке қарсы граната атқыштар және пулеметтермен нысаналарға ату сияқты тапсырмаларды орындады.

"Сенімді қабылдау" сайысына 3 елдің командалары қатысты. Қатысушылар байланыс желісін орнатып, радиостанса арқылы мағлұмат жеткізу тапсырмаларын орындады.

Шетелдік командалар өкілдерінің пікірінше, жоғарыда аталған дисциплиналар бойынша сайыстар жоғары дәреже ұйымдастырылған. Ойындарға қатысқан барлық елдердің әскери өкілдері бірдей жағдайда болып, өздерінің білімдері мен шеберліктерін көрсету үшін толық мүмкіндікке ие болған.

"АрМИ-2018" IV халықаралық әскери ойындары нәтижесінде Қазақстан командалары Ресей мен Қытайдан кейін үшінші орынды иеленіп, жоғары жауынгерлік дайындық пен өзара үйлесімдікті көрсетті.

Иран Қарулы күштерінің өкілдері әскери теңізшілердің Ноушехр қаласында өткен "Тереңдік" атты сайысын ұйымдастыруға аса жауапкершілікпен қарады. Бұл сайыста ирандық әскерилер бәсекелестерінен басым түсіп, бірінші орын алып, жоғары кәсіби шеберлік пен жеңіске деген ерік-жігерлерін көрсетті.

Барлық елдердің өкілдері ирандық әскерилердің ұйымдастыру мәселелерін шешіп, шетелдік қонақтарды күтуге аса зор жауапкершілікпен қарағанын атап өтті.

Сайыстардың нәтижесі көрсеткендей, қазіргі таңда Әскери ойындар айтулы халықаралық оқиғаға айналып, жыл өткен сайын танымалдығы артып барады. Қазіргі таңда бұл ойындардың халықаралық деңгейдегі бірегей шара болып табылатындығында күмән жоқ. Жыл сайын сайыстардың үдерісі дамытылуда. Бағдарламаға сайыстардың жаңа түрі енгізіліп, өткізу аясы кеңейіп, қатысушы елдердің саны артуда.  

Өткізілген жылдар барысында аса зор қызығушылық тудырған бұл әскери ойындар халықаралық әскери әріптестіктің жаңа символына айналып,  тәжірибемен алмасу және бейбітшілік пен тілектестіктің кепілі болып отыр. Әскери ойындар халықаралық әскери бауырластық пен ынтымақтастықтың нығаюына көмектеседі. Қазақстан мен Иран жоғарыда аталған идеялар мен құндылықтардың іс жүзінде жүзеге асуына айтарлықтай үлес қосып келеді.

 

 

Aug 11, 2018 20:36 Asia/Almaty
Сараптама