• АҚШ Солтүстік Кореяға тағы санкция салды

АҚШ Қаржы министрлігінің сырттағы активтерді бақылау кеңсесі сәрсенбі күні Солтүстік Кореямен байланысты бір адам мен үш компанияны санкцияларының тізіміне енгізді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ Қаржы министрлігі РФ-ның үш компаниясы мен бір азаматына Солтүстік Кореяға заңсыз тасымалды жеңілдетті деген сылтаумен санкция салды.

Уәждерге сәйкес, жаңа санкциялар Солтүстік Кореяның атынан заңсыз жүктерді тасымалдауды жеңілдеткен адамдарды нысанаға алып отыр.

АҚШ Қаржы министрлігі бұл шешімнің Солтүстік Кореяның қарулану бағдарламасына жасалатын қаржылай қолдаудың алдын алу үшін қабылданғанын айтты.  

 

Aug 16, 2018 15:11 Asia/Almaty
Сараптама