• CNN: Сауд Арабиясы америкалық қару-жарақ арқылы йемендік балаларды өлтірді

CNN телеарнасы жұма күні тілшілер мен қару-жарақ мамандарының әріптестігімен Сауд Арабиясының Йемендегі оқушыларды тасымалдайтын автобусқа шабуыл жасау үшін қолданған бомбаның АҚШ тарапынан Риядқа сатылып, АҚШ Мемлекеттік департаментінің Риядқа осы бомбаны сатуға рұқсат бергенін дәлелдеді.

CNN телеарнасының мәліметінде тамыздың тоғызы күні йемендік оқушыларды тасымалдайтын автобусқа шабуыл жасау үшін қолданылған бомбаның салмағы 500 фунтты құрайтын (шамамен 227 килограмм) Lockheed Martin компаниясының MK82 бомбасы болғаны айтылған.

Сауд әулеті режимінің 2016 жылдың қазан айында да бір жерлеу рәсіміне қатысушыларға қарсы MK82 бомбасын пайдаланып, сол шабуыл салдарынан да 155 адамның қаза болып, жүздеген адамның жараланғаны белгілі болды.

Сауд әулеті режимінің Йеменнің солтүстік-батысындағы Саада облысы Дахиян қаласының базары маңында оқушыларды тасымалдайтын автобусқа жасаған шабуылы кезінде кем дегенде 50 адам көз жұмып, 77 адам жарақат алды.

 

 

 

Тегтер

Aug 18, 2018 16:14 Asia/Almaty
Сараптама