• ҚХР Иранмен қарым-қатынастар деңгейін артыруға мүдделі

Бейжің соңғы халықаралық өзгерістер негізінде Теһранмен қарым-қатынастар деңгейін арттыруға мүдделік танытты.

ҚХР СІМ Ван И жұма күні кешке ИИР СІМ Мұхаммад Джавад Зарифпен телефон арқылы сұхбатта осы мәселені баса айтып, өз елі үшін Иранмен қарым-қатынастардың маңызды екенін мәлімдеді.

ҚХР СІМ-нің бұл сөзі шын мәнінде өзінің біржақтылығымен тек басқаларға зиян тигізуді ойлайтын АҚШ президенті Дональд Трампқа қарсы қайшылықтардың бір бөлігі саналады.

Трамп мамырдың сегізі күні әлемді азаптау сипатындағы әрекетінде Вашингтонның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығып, ядролық санкцияларға қайта оралатынын мәлімдеген болатын.

АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларының бірінші легі бүгінде өз күшіне енді. Қараша айында Иранның мұнай өндірісіне қарсы санкцияларды күшіне енгізу жоспарланып отыр.

ҚХР Сыртқы істер министрлігі мұның алдында жариялаған мәлімдемесінде Бейжіңнің АҚШ-тың біржақты санкциялары мен өз өкілеттігінің шегінен шығуына қарсылық білдірді.

ҚХР – ИИР-нан күніне 650 000 баррель шикі мұнай сатып алатын Иран мұнайының негізгі тұтынушысы. Сонымен қатар, Қытайдың ірі мұнай компаниялары Иранның мұнай кен орындарына миллардтаған доллар көлемінде инвестиция салған.

ҚХР Мұнай және химиялық өнім өнеркәсібі федерациясының халықаралық істер жөніндегі кеңсенің басшысы Эндри Ю: "Қытай компаниялары кез келген жағдайда Иранның мұнайын қажет ететіндіктен  оны сатып алуды жалғастырады. Бұл ИИР мен ҚХР арасындағы қалыпты үдеріс. АҚШ-тың бұған ешқандай қатысы жоқ",- деді.

АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуының салдары туралы бірнеше рет ескерту жасаған халықаралық мәселелер жөніндегі сарапшылар ядролық келісім АҚШ-тың қатысуынсыз сақталса да, сақталмаса да АҚШ-тың басына түсетін бақытсыздық ядролық келісім ұшырауы мүмкін бақытсыздықтан әлдеқайда үлкен деп санайды.

Саяси және халықаралық істер жөніндегі сарапшы Дэн Глизбрук "Трамптың Иранның мұнай өндірісіне қатысты қияли шаралары ондаған жылға кешікті" деп аталатын мақаласында: "Трамп қолында бар нәрсені Иранға қарсы экономикалық соғысты бастауға жұмсап жатыр. Алайда оның негізгі қиындығы мынада: оның қолындағы нәрселер жеткіліксіз. Себебі, кезінде тек қана АҚШ-тың қарамағында болған күш-қуаттың қазір жойылып кеткеніне біраз уақыт болды",- деп жазды.

Қазіргі кезде біз АҚШ-тың әлемдегі экономикалық монополиясының сәтсіздікке ұшырап, Вашингтон бұл ақиқатты өзгертуге шамасы келмей отырған жаңа заманда өмір сүріп жатырмыз. АҚШ-тың нарықтан айрылуы ҚХР секілді елдердің жойылуы деген мағынаны білдірген кезең баяғыда аяқталған. Алайда, Трамп бұл ақиқатты қабылдағысы келмейді.

 

 

Тегтер

Aug 18, 2018 18:16 Asia/Almaty
Сараптама