• Ресей, Иран және Түркияның ынтымақтастығы Сирия дағдарысын шешуде ілгерілеуге себеп болды

Ресей президенті жұма күні Ресей, Иран мен Түркия ынтымақтастығының Сирия дағдарысын шешуде жетістіктерге жетуге себеп болғанын баса айтты.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Владимир Путин жұма күні Мәскеуде өткен Ресей мен Түркияның қорғаныс және сыртқы істер министрлерінің бірлескен отырысында Сирия дағдарысын шешуде елеулі өзгеріс пайда болғанын айтты.

Ресей СІМ Сергей Лавров та Астана үдерісіне кепіл елдер, яғни Иран, Ресей және Түркия басшыларының Теһрандағы отырысын өткізу уақытының анықталғанына сілтеме жасап, Сирияның Идлиб облысындағы жағдайды қарастыруды келіссөздердің кезекті кезеңінде талқыланатын негізгі тақырып деп атады.

Мұның алдында ресейлік ақпарат көздері Иран, Ресей және Түркия басшыларының отырысын Теһранда қыркүйек айының алғашқы жартысында өткізілетіні туралы мәлімдеген болатын.

 

Aug 25, 2018 17:08 Asia/Almaty
Сараптама