• АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары – заңсыз әрекет

АҚШ-тың біржақты санкциялары әлемдегі еркін сауда ережелері мен заңдарына қайшы. Мұндай әрекеттердің салдарлары халықаралық байланыстарға нұқсан келтіріп, әлемдегі еркін сауда-саттық үдерісін кейбір елдердің саяси талаптарына тәуелді етеді.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғары комиссарының арнайы баяндамашысы Идрис Джазайери осы мәселеге қатысты сөзінде АҚШ-тың ИИР-на қарсы біржақты санкцияларын заңсыз және адам құқықтарын бұзатын әрекет деп атап, халықаралық қауымдастықтан АҚШ үкіметінің экономикалық соғысымен күресуді сұрады.

2015 жылы БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Жоғары комиссарының арнайы баяндамашысы ретінде біржақты әрекеттердің адам құқықтарына қатысты теріс салдарларын зерттеу міндеті жүктелген Джазайери: "Вашингтонның біржақты әрекеттері БҰҰ-ның қағидалары мен құрылымына күдік тудырады. Сондықтан, АҚШ-тың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің әріптестігі мен ядролық келісімнен шыққаннан кейін ИИР-на қарсы қайтадан санкция жариялауы дәл осы санкциялардың заңдылығына күмән келтіреді" деді.

БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы санкциялардың адамзат баласына тигізген салдарларына сілтеме жасап: "Мен БҰҰ-ның атынан ресми түрде банктер, қаржы институттары мен компанияларға кепілдік беру мақсатында берік қадамдар жасау арқылы шұғыл түрде ақша төлеу және Иранға тауар импорттау, әсіресе ауыл шаруашылығы тауарларын, азық-түлік, дәрі-дәрмек және медициналық құрал-жабдықтарды импорттау үшін жағдай жасауды сұраймын",- деді.

БҰҰ-нің құрылымына сәйкес, санкциялар тек Қауіпсіздік кеңесі тарапынан жариялануы тиіс. Бұл тұрғыдан АҚШ-тың әрекеті барлық халықаралық заңдар мен принциптерге, соның ішінде БҰҰ-ның жарғысына қайшы. Сонымен қатар "Ортақ қадам" бағдарламасы БҰҰ-ның қолдауы  және Қауіпсіздік кеңесінің қарарымен бекітілген халықаралық міндеттемелер шеңберіндегі көпжақты келісім саналады.

АҚШ-тың әрекеті бұл елдегі сионистік лобидің мақсаттарымен үйлескен саяси ойындары мен АҚШ-тағы ішкі қайшылықтарға байланысты жүзеге асырылғаны күмәнсіз.

ИИР-ның АҚШ-тың халықаралық құқықтарына қайшы әрекеттерін қадағалап, күресу мақсатында халықаралық сахнадағы барлық құралдар мен әлеуеттерді пайдаланып, бұл жолда барынша талпыныс жасағаны анық. Осы арада келесі аптада Гаагадағы БҰҰ-ның Халықаралық сотының ИИР-ның АҚШ-қа қарсы шағымына қатысты істің тыңдалымы өтеді.

Санкция халықтарға күш көрсету және олардың құқықтарына қол сұғушылықтың құралына айналмауы тиіс. АҚШ осы әрекеті арқылы Иран халқының құқықтарын бұзды. Трамптың заңсыз әрі адамзат баласына қарсы санкцияларының мақсаты тек Иранда ғана көздемейді. Бұл мәселенің маңыздылығы қазіргі таңда әлемдегі көпполюсті құрылымға АҚШ-тың санкциялары салдарынан шынайы қауіп төніп тұрғанына назар аударған сәтте айқынырақ көрінеді.

 

 

Aug 25, 2018 20:21 Asia/Almaty
Сараптама