• Германия Сыртқы істер министрі Еуропадан АҚШ-пен әріптестікті қайта қарауды сұрады

Германия Сыртқы істер министрі: "Қазір АҚШ-пен трансатлантикалық әріптестікті қырағы әрі байсалды түрде қайта қарастыратын кез жетті",-деді.

Германия ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Германияның Сыртқы істер министрі Хайко Мас дүйсенбі күні осы ел елшілерінің жыл сайынғы отырысында Еуропа елдерінен АҚШ-пен әріптестікті қайта қарауды сұраумен қатар: "Еуропа елдері АҚШ-тың Еуроодақтың экономикалық және сауда серіктестеріне, соның ішінде Ресей, Түркия мен Қытайға қарсы алдын ала ескертілмеген әрі үйлестірілмеген санкцияларына реакция білдіруі тиіс",-деді.

Хайко Мас осыдан бұрын мықты да тәуелсіз Еуропаның құрылуын қалайтынын білдіріп, Вашингтон қызыл сызықтан аттаған кезде Еуропа АҚШ-тың алдында тепе-теңдік тудырушыға айналуы қажеттігін айтқан болатын.

 

Тегтер

Aug 27, 2018 20:39 Asia/Almaty
Сараптама