Aug 27, 2018 20:56 Asia/Almaty

Ирандық спортшылар Индонезияда өтіп жатқан 2018 жылғы Азия ойындарындағы 105 кг жоғары салмақтағы зілтеміршілер сайысында алтын мен күміс медаль алды.

Бехдад Салими дүйсенбі күні жұлқа көтеруде 208 кг-ды, серпе көтеруде 253 кг-ды бағындырып, жалпы есепте 461 кг салмақпен алтын жүлде алды.

105 кг-нан жоғары салмақтағы Саид Әли Хосейни де жұлқа көтеруде рекордты 208 кг-ды, серпе көтеруде 248 кг-ды бағындырып, жалпы есепте 456 кг салмақпен күміс жүлде алды.

Осылайша Иранның спорт командасы 16 алтын, 15 күміс және 14 қола жүлде алып, жалпы 45 медальмен рейтингте бесінші орында тұр.

Сараптама