• Кремль: Путин жұма күні Иранға сапар шегеді

Кремль дүйсенбі күнгі мәлімдемесінде Ресей Президенті Владимир Путиннің алдағы жұма, қыркүйектің сегізі күні Астана үдерісіне кепіл елдер басшыларының үшжақты саммитіне қатысу үшін Теһранға сапар шегетінін хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Кремль мәлімдемесінде Теһранда өтетін Иран, Ресей және Түркия президенттері отырысында Сирияның жағдайын жақсарту жолдары туралы пікір алмасылатындығына тоқталып: "Үш елдің президенттері халықаралық лаңкестіктің тамырын жою, сондай-ақ саяси шешім жолдарын дамытып, сириялық босқындардың еліне оралу жағдайын қамтамасыз ету сияқты мәселелерді талқылайды",- деп хабарлады.  

 

 

Sep 04, 2018 14:07 Asia/Almaty
Сараптама