• Лавров: Мәскеу, Теһран мен Анкара Сириядағы соғыстың аяқталуын қалайды

Ресей СІМ Лавров Мәскеу мен Теһран және Анкараның Сириядағы соғыстың аяқталуын қалайтынын мәлімдеп:

"Иран, Ресей мен Түркияның мақсаттары Сирия дағдарысын шешіп, сол елдегі қақтығыстар мен соғысты тоқтатуға көмектесу болып табылады. Сирия халқы шетелдердің араласуынсыз өз елінің тағдырына қатысты шешім қабылдауы керек",- деп баса айтты.

Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қыркүйектің жетісі, жұма күні Иран президенті Хасан Руханимен үшжақты отырыс өткізу үшін Теһранға сапармен келеді.

Сирия бейбітшілік келіссөздерінің оныншы кезеңі қаңтар айында Иран, Ресей мен Түркия өкілдері және БҰҰ бас хатшысының Сирия істері жөніндегі өкілі Стаффан де Мистураның қатысуымен Ресейдің Сочи қаласында өткен болатын.

 

 

Sep 06, 2018 20:48 Asia/Almaty
Сараптама