ИИР Президенті сенбі күні Теһранда IV Шәһид Раджаи фестивалінде ИИР-ның бірлік пен біртұтастықтың арқасында дұшпандарды жеңетіндігіне тоқталып: "Иран халқы ешқашан АҚШ-тың қысымына тізе бүкпейді.

Иран халқы Ақ үйде өздерінің не айтып, не қойып жатқанын білмейтін және барлық елдермен араздасқан жаңа билеуші топтың қысымынан ешқашан қорықпайды.

Ақ үйде табан тіреген жаңа топ ИИР-мен ғана емес, баяғыдан экономикалық байланыс жасап келе жатқан өздерінің ескі достарымен де қайшылыққа келіп отыр",-деді.

ИИР Президенті америкалықтардың бір жағынан Иран халқына қысым жасап, екінші жағынан келіссөз өткізу туралы жолдаулар жасап жатқанын айтып: "Америкалықтар екі қырлы қатынас көрсетіп отыр. Қазір экономикалық және жарнамалық соғыс жүріп жатыр",-деді.

АҚШ 2018 жылдың 8 мамырында "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шыққаннан кейін Иранға қарсы қысым жасау үшін жан-жақты шаралар атқарды.

АҚШ Президенті  Дональд Трамп 2018 жылдың 6 тамызында Иранға қарсы кейбір заңсыз санкцияларды қайтаруға бұйрық берді, алайда Еуроодақ, Ресей, Түркия мен басқа да көптеген елдер АҚШ-тың біржақты санкцияларына бағынбайтындарын жариялады.  

Тегтер

Sep 08, 2018 21:27 Asia/Almaty
Сараптама