• Трамп Солтүстік Корея Әскерінің шеруіне реакция білдірді

Вашингтон мен Пхеньян арасындағы саяси және әскери мәселелерге қатысты текетірестер жалғасып жатқан жағдайда АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында: "Солтүстік Корея мемлекеттің құрылғанының 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған әскери парадта ядролық зымырандарын көрсетпеді. Бұл бейбітшілік пен экономикалық дамуға арналған шеру болды",- деп жазды.

IRNA ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі хабарлауы бойынша, Солтүстік Корея Әскері мен Қарулы күштері жексенбі күні бұл елдің құрылғанына 70 жыл толуына орай әртүрлі мемлекеттер өкілдерінің қатысуымен әскери парад ұйымдастырды. Парадқа Солтүстік Кореяның жетекшісі Ким Чен Ын қатыспаған және ешбір құрлықаралық баллистикалық зымыран көрсетілмеген.

2018 жылы шілденің он екісі күні Сингапурде Дональд Трамп пен Ким Чен Ын арасында келіссөздер өткізіліп, келісімге қол қойылғанына қарамастан, Пхеньян мен Вашингтон арасындағы текетірестер әлі жалғасып жатыр.

 

 

Тегтер

Sep 10, 2018 15:33 Asia/Almaty
Сараптама