• Наджиб Зарақ Сауд Арабиясынан пара алғанын мойындады

Сыбайлас жемқорлық айыбы бойынша сот тергеуінен өтіп жатқан Малайзияның бұрынғы премьер-министрі тиісті құжаттарды жариялап, Сауд Арабиясы королінен тікелей ақша алғанын растады.

IRNA ақпарат агенттігінің сейсенбі күнгі мәліметі бойынша, Наджиб Разақ Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Сауд Арабиясынан 100 миллион доллар көлемінде сыйақы алғанын растады.

Бұл Разақтың соңғы жылдары Сауд Арабиясынан пара алғаны туралы айыпты бірнеше рет теріске шығарған жағдайда орын алды.

Тергеу жұмыстары мен Малайзияның сыбайлас жемқорлықпен күрес комитетінің ауқымды қудалау шараларының арқасында Разақтың барлық банктік есеп-шоттары бұғатталып, оның елден шығуына тыйым салынды. Малайзияның бұрынғы премьер-министрі жақын арада сыбайлас жемқорлық айыбымен қамауға алынады.

 

 

 

Sep 11, 2018 21:42 Asia/Almaty
Сараптама