• Оңтүстік Корея АҚШ пен Солтүстік Кореяға өтініш жасады

Оңтүстік Кореяның президенті Пхеньян мен Вашингтон басшыларынан Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасына байланысты дипломатиялық тұрғыдан тығырыққа тірелген жағдайды шешу мақсатында кесімді әрі батыл шешімдер қабылдауды сұрап, өзінің бітімгерлік рөлін жалғастыратынын мәлімдеді.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мун Чже Ин сейсенбі күні: "Солтүстік Кореяның жетекшісі Ким Чен Ын мен АҚШ президенті Дональд Трамп батыл шешімдер қабылдап, ілгерілеуші дипломатияны жүзеге асыруы керек.

Солтүстік Корея ядролық қару-жарақ қоймаларын жойып, АҚШ Пхеньянға берген уәделерін жүзеге асырып, осы жолда жауапты қадамдар жасап, қос тарап 70 жыл бойғы дұшпандық қарым-қатынастардың салдары саналатын бір-біріне деген сенімсіздікті доғаруы тиіс",- деп баса айтты.

Пхеньянның ядролық сынақтарды доғару және Корей түбегі соғысы кезінде қаза болған америкалық сарбаздардың мүрделерін қайтару секілді оң әрекеттеріне қарамастан, 2018 жылы шілденің он екісі күні Солтүстік Корея жетекшісі мен АҚШ президенті арасындағы келісімнен соң АҚШ әлі де міндеттемелерін бұзу арқылы санкциялардың күшін жоюға бағытталған шараларды атқармауымен қоса, өзінің Солтүстік Кореяға қарсы дұшпандық саясатын бұрынғыша жалғастырып отыр.

 

 

 

Sep 11, 2018 21:51 Asia/Almaty
Сараптама