• 11-ші қыркүйектен кейін АҚШ-тың соғысқұмарлығына бір жарым триллион доллар қаржы жұмсалды

Пентагонның мәліметі бойынша, 2001-ші жылдың 11-ші қыркүйектегі лаңкестік шабуылынан бері АҚШ Ауғанстан, Ирак пен Сириядағы соғыстарына америкалық салық төлеушілердің ақшасынан бір жарым триллион доллар қаржы жұмсаған.

NBC News-тің мәліметіне сәйкес, АҚШ-тың Ауғанстан, Ирак пен Сириядағы қазіргі әскери әрекеттері мен АҚШ пен Канаданың ішкі қауіпсіздігімен байланысты Eagle Nobel әрекеттерінде 185,5 миллиард доллар қаржы жұмсалған. Бұл мәлімет АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис өзінің жуырдағы Ауғанстан сапарынан бұрын Ақ үйдің соғысқұмарлығы осы уақытқа дейін нәтижесіз болғанын мойындаған жағдайда айтылды. Ауғанстан, Ирак пен Сирия басшылары АҚШ-тың әскери араласушылықтарына сан рет қарсылық білдірді.

 

Sep 12, 2018 20:55 Asia/Almaty
Сараптама