• Ауғанстан Парламенті Лойя Джирганы өткізіп, уақытша үкіметтің құрылуын сұрады

Ауғанстан Парламенті халықтың қырылуы мен қарсыластардың шабуылдарының алдын алу үшін Лойя Джирганы (Жалпыхалықтық жиылыс) өткізіп, уақытша үкіметтің құрылуын сұрады.

«Тасним» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, сол органдағы Кандагардың өкілі: «Ауғанстанның қауіпсіздік, саяси және экономикалық жағдайы күннен күнге дағдарыспен бетпе-бет келіп отыр. Ашраф Ғани үкіметі бұл дағдарысты шеше алмайды»,- деді.

Ауғанстан парламентінің өкілі Мохаммад Таиб Ато да: «Елдегі бейберекеттіктерден шығу үшін дәстүрлі Лойя Джирга өткзіліп, уақытша үкімет  құрылуы керек»,- деді.

Ғазни өкілі Рахим Хасаниар, Пектике өкілі Жұмадин Гианвал, Арзган өкілі Ханиф Ханафи мен Ауғанстан Сенатының төрағасы Фазл Хади Мүслимиар АҚШ пен қауіпсіздік келісіміне қол қоюды бұл елдегі тынышсыздықтар мен дағдарыстың артуының себебі деп атап, оның күшін жоюды талап етті. Бұдан бұрын да елдің бұрынғы президенті Хамед Карзай мен саяси және діни қайраткерлер Лойя Джирганың жиналысын өткізу қажеттігін қуаттады.

Лойя Джирга – Ауғанстанның ақсақалдары мен ұлттық және қоғамдық қайраткерлерінен құрылған, дағдарыс кезінде өткізілетін үлкен жиын.

 

.

 

Sep 12, 2018 21:03 Asia/Almaty
Сараптама