• Ресей АҚШ-тың Ауғанстандағы соғысқұмарлығының жалғасуын сынады

Ресейдің Ауғанстан істері жөніндегі арнайы өкілі АҚШ-тың Ауғанстандағы соғысты аяқтағысы келмейтіндігіне алаңдаушылық білдірді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ресейдің Ауғанстан істері жөніндегі  арнайы өкілі Замир Кабулов жексенбі күні Кабулда сөйлеген сөзінде: "АҚШ Ауғанстанда тек өзінің мүдделері туралы ойлап, бейбітшілік орнату үшін ешқандай шара қолданбады. АҚШ Ауғанстандағы бейбітшілік үдерісін тоқтатып, аймақ мемлекеттерінің келіссөздерге қатысуына кедергі тудырды. Вашингтон Ресей басқарып, оған Ауғанстан үкіметі қатысуы тиіс болған отырысты қаламайды. Америкалықтар өз мүдделеріне жету үшін тек өздері басқаратын отырыстарға қатысуды көздеуде деген ой туады",- деді.

 

 

Тегтер

Sep 17, 2018 08:55 Asia/Almaty
Сараптама