• Ресей көптеген елдердің АҚШ долларын басқа валютамен алмастыруды ойлап отырғанын хабарлады

Ресей президентінің баспасөз өкілі Еуропа мен Азиядағы көптеген мемлекеттердің резервтік валюта ретіндегі АҚШ долларын басқа валютамен алмастыруды ойластырып жатқанын мәлімдеді.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Дмитрий Песков жексенбі күні: "Долларды ұсынушы АҚШ осы халықаралық валютаға қатысты сенім тіректерін әлсірететіндей әрекет жасап жатыр. Сондықтан қазіргі жағдайда АҚШ-қа тәуелділігін азайтуды ойлап жатқан мемлекеттердің саны артуда.

Бұл мемлекеттер АҚШ долларына деген тәуелділіктен айрылуға болатыны туралы шындыққа көздері жетіп, оны тез арада жүзеге асыру керектігін түсінді",- деді.

 

 

Тегтер

Sep 17, 2018 15:26 Asia/Almaty
Сараптама