Иран Атом қуаты ұйымының басшысы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын әлемдік көкейтесті мәселелердің бірі деп атап, АҚШ-тың келісімнен біржақты түрде шығуын аймақ пен әлемнің бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне теріс әсер етеді деп сараптады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Әлиакбар Салехи дүйсенбі күні Венада Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің 62-ші отырысының басталу рәсімінде сөз сөйлеп: "Агенттік Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына табанды екенін 12 рет қуаттағанына қарамастан, АҚШ заңсыз түрде келісімнен шықты",- деді.

Салехи АҚШ-тың біржақты шешімін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231-ші қарарын бұзу және АҚШ үкіметі тарапынан халықаралық құқықтардың қабылданған негіздерін келеке ету деп атап: "АҚШ-тың әрекетіне қатысты халықаралық реакция бұл елдің саясатына шынайы күмән тудырады",- деді.

Салехи сондай-ақ, Иранның 1974-ші жылдан бері Батыс Азия аймағының ядролық қарудан ада аймақ болуын қолдағанын қуаттап, кейбір елдердің Израиль режимінің ядролық қаруды таратуға тыйым салатын хаттамаға қосылмауы мен Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің инспекторларына тексеріс жүргізуге рұқсат етпеуіне немқұрайдылық танытқанын сынады.

 

 

 

Тегтер

Sep 18, 2018 15:47 Asia/Almaty
Сараптама