• Солтүстік Корея жетекшісі Оңтүстік Корея президентін жақсы қарсы алды

Корей мемлекеттерінің басшылары осы жолы Солтүстік Кореяның астанасы Пхеньянда кездесті. Солтүстік Корея басшысы әріптесін жақсы қарсы алды.

Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Ин мен Солтүстік Кореяның жетекшісі Ким Чен Ын Корей түбегінде бейбітшілік пен тыныштық орнатуға байланысты үшінші рет кездесіп, сұхбаттасып жатыр.

Оңтүстік Кореяның көптеген жоғары лауазымды саяси-экономикалық басшыларынан құралған делегация солтүстіктегі көршісімен экономикалық ынтымақтастық жолдарын қарастыру мақсатында Пхеньянға жасалатын үш күндік сапарда ел президентімен келіп отыр.

Мун Чже Ин сейсенбі күні таңертең 110 адамнан құралған ірі делегацияны бастап, Солтүстік Кореяның жетекшісі Ким Чен Ынмен кездесу үшін үш күндік сапармен Пхеньянға келді. Солтүстік Корея басшылары әріптестерін жақсы қарсы алды.

Екі Корей елінің басшылары 2018 жылы Панмунчжон атты шекаралық елді мекенде екі кездесу өткізіп, Корей түбегінде бейбітшілік орнату және ядролық қарудан арылу аясында қадам жасауға келіскен болатын.

 

 

Sep 18, 2018 22:07 Asia/Almaty
Сараптама