• Америкалықтардың басым бөлігі Израильге қару-жарақ экспортын қадағалауды сұрап отыр

Institute for Research: Middle Eastern Policy институтының жуырдағы сауалнамасының нәтижелеріне сәйкес, сауалнамаға қатысқан 706 америкалықтың шамамен 55 пайызы Израиль режимінің ядролық қару шығару және таратуға тыйым салу жөніндегі келісімге қол қоймағаны үшін Израильге қару-жарақ экспортын қадағалау туралы заңның жүзеге асырылуын сұрап отыр» деп жазды.

Antiwar ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сауалнама нәтижесі қазіргі кездегі АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Энергетика министрлігін "Израильдің ядролық қуатына қатысты ақпараттарды жариялау жөніндегі нұсқаулықтар" немесе WNP-136 деп аталатын құжатты жариялауға итермелеуге бағытталған құқықтық талапта дәлел ретінде ұсынылған.

WNP-136 құжаты үнсіздік таныту туралы құпия нұсқаулық ретінде қызметкерлер мен мердігерлерге Израильдің ядролық қару-жарақ мәселесін ашық түрде талқылауға немесе АҚШ үкіметіне осыған байланысты мәліметтерді жариялауға қатысты тыйым салады.

АҚШ үкіметі Израиль режимінің ядролық қару-жарақ бағдарламасына қолдау көрсетіп, Вашингтонның Тель-Авивке көрсеткен көмегі ретінде деректердің жариялануына қарсылық білдірді.

 

 

Тегтер

Sep 18, 2018 22:12 Asia/Almaty
Сараптама