• Американың Уилмингтон қаласы дағдарысқа ұшырады

АҚШ-тың Оңтүстік және Солтүстік Каролина штаттарындағы дауыл мыңдаған адамды баспанасыз қалдырды.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Солтүстік Каролина штатындағы Уилмингтон өте дағдарысты жағдаймен бетпе-бет келіп отыр. Қаланың жүздеген халқы сейсенбі күні су, азық-түлік және шатыр сатып алу үшін дүкендер мен мемлекеттік орталықтардың алдында сапқа тұрған.  Қалада электр қуаты өшкен. Оның қашан қосылатыны белгісіз.

Ресми басшылар Солтүстік Каролина штатының ең үлкен қалаларының бірі Уилмингтонның жолдарын ашуға талпыныс жасауда. Флоренс дауылы Оңтүстік және Солтүстік Каролина штаттарында өткен аптаның жұмасынан бері соғып тұр. Соның салдарынан 42 адам қаза болды.

 

 

Тегтер

Sep 19, 2018 18:58 Asia/Almaty
Сараптама