• Орта Азияның мүфтилері діни медреселерді қайта ашуға келісті

Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан мен Тәжікстанның бас мүфтилері Бішкекте Орта Азиядағы діни медреселерді қайта ашу туралы меморандумға қол қойды.

"Тасним" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Түркіменстаннан басқа Орта Азия елдерінің бас мүфтилері жұма күні Бішкекте бір меморандумға қол қойып, Орта Азиядағы діни медреселерді қайта ашуға келісім жасады.

Бұл отырысқа Қырғызстанның бас мүфтиі Мақсатбек қажы Токтомушев, Қазақстанның бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз, Өзбекстанның бас мүфтиі Усманхан Алимов пен Тәжікстанның бас мүфтиі Саидмукаррам Абдулкодирзода қатысып, меморандумға қол қойды.

Ынтымақтастық туралы меморандум  Орта Азияда діни демалыстардың бірыңғай үйлестірілген кестесін жасау, осы аймақта діни медреселерді қайта ашу, жергілікті әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді дамыту мен тарату, дінге негізделген экстремизм мен терроризмнің алдын алу, ақлақтық құндылықтарды арттыру, діни-тарихи мекендерді аралау, діни кітаптар мен мәтіндерді аудару мен тағы басқа мәселелерді қамтиды.

 

Sep 22, 2018 20:23 Asia/Almaty
Сараптама