ИИР президенті БҰҰ Бас ассамблеясының жыл сайынғы сессиясына қатысу мүмкіндігін АҚШ-тың халықаралық міндеттемелерді, соның ішінде "Ортақ қадамға" қатысты міндеттемелерін орындаудағы заң бұзушылықтарын айту үшін пайдаланатынын айтты.

Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Рухани жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша Нью-Йоркке келген сәтте тілшілердің алдында: "Америкалықтар әлемнің жер-жеріндегі өзінің көптеген міндеттемесін, соның ішінде "Ортақ қадамға" қатысты міндеттемелерін орындаудан бас тартты.

Менің мақсатым Нью-Йоркте өтетін түрлі отырыстарда ИИР-ның аймақ пен әлемге қатысты саясаттарын түсіндіру",- деді.

 

 

Тегтер

Sep 24, 2018 15:39 Asia/Almaty
Сараптама