БҰҰ Бас ассамблеясының 73-ші сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке аттанған ИИР Президенті дүйсенбі күні NBC арнасына берген сұхбатында Дональд Трамппен кездесудің бағдарламасында жоқ екенін және АҚШ Президентінің кездесетіндей жағдай тудырмағанын қуаттап:

 

"Егер Трамп сынды адам келіссөз жүргізіп, қарым-қатынастарды алға ілгерілеткісі келсе, санкциялар мен қоқан-лоққыларды пайдаланбауы керек. Бір үкімет басқа үкіметке қарсы өзінің барлық мүмкіндігін пайдаланса, мәселелерді шешкісі келмейтінін білдіреді",- деді.

Рухани АҚШ үкіметінің лаңкестік туралы мәлімдемесін қабылдамай, мәлімдемедегі Иранды лаңкестікті қолдайды деген айыптауын теріске шығарып: "Өткен сенбі күні Ахвазда орын алған лаңкестік оқиға - АҚШ үшін Иранның Вашингтонның теріс үгіт-насихатына қайшы Иранның аймақтағы лаңкестіктің ең үлкен құрбаны екендігіне берілген ең жақсы жауап. Йемен, Ирак және Сирия халықтарын қыру үшін қарулы лаңкестерді жіберіп отырған мемлекет лаңкестікпен күресу туралы уәж айта алмайды",- деп баса айтты.

 

Тегтер

Sep 25, 2018 14:49 Asia/Almaty
Сараптама