Иран президенті Нью-Йорктен қайтар кезде тілшілерге берген сұхбатта: "Бүгін әлемде бірнеше елден басқа ешкім АҚШ-ты жақтап тұрған жоқ. АҚШ тарихи және саяси тұрғыдан бұрын-соңды болмаған жалғыздыққа тап болды.

Биылғы БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында ИИР мен Иран халқының дұрыстығы мен АҚШ-тың зорлықшылдығы баршаға әшкере болды.

Менің ойымша, америкалықтар Бас ассамблеядан ешбір жетістікке қол жеткзібеді, тіпті Трамп сөз сөйлеп, өзінің екі жылдық үкіметін мақтауды бастағанда, жиналғандардың барлығы күлді. Ақпарат құралдары басқа ел басшылары Трампқа күлді деп хабарласа, америкалық ақпарат құралдары бұл жағдайды АҚШ үкіметі мен халқын кемсіту деп сараптады,- деді.

 

 

Sep 27, 2018 21:48 Asia/Almaty
Сараптама