Гаага сотында Иранның АҚШ-тың үстінен түсірілген екінші шағымының қарастырылуымен Иран мен АҚШ арасында құқық саласындағы даудың жаңа кезеңі басталды.

Гаага халықаралық соты дүйсенбі күні АҚШ-тың үстінен түскен Иранның Орталық банкінің есеп-шоттарын бұғаттауына қатысты шағымды  қарастыратын бірінші отырысты бастады.

Бұл Сот осыдан бір апта бұрын қазанның 3 күнгі отырысында Иранның АҚШ-тың заңсыз санкцияларына қатысты түсірген шағымына: "АҚШ Иранның жолаушы тасымалдайтын әуе рейстеріне шектеу қоятын және ауылшаруашылық өнімдері, дәрі-дәрмек пен басқа да гуманитарлық тауарларды импорттауға қатысты санкцияларының күшін жойсын",- деп бұйырған болатын.

Енді АҚШ тағы Гаага Сотының алдында өзінің заңсыз әрекеттеріне жауап беруге міндетті. АҚШ үкіметі 1996-шы жылдан бері, яғни АҚШ Конгресі ішкі заңды өзгертіп, лаңкестік әрекеттерден зиян  көрген Америка азаматтарына елінің соттарында  АҚШ айтатын «лаңкестікті қолдайтын үкіметтер" тізіміне кіретін елдерден шығындарын талап етуге рұқсат берді.

2003-ші жылдың мамыр айының 30 күні  Вашингтонның Соты ешбір  құқықтық негізсіз 1983-ші жылғы Бейруттегі америкалық әскерилердің орталығында орын алған жарылыс салдарынан өлген 241 әскеридің отбасыларының шағымдарына ИИР-н жауапты деген шешім қабылдады.

2007-ші жылдың қыркүйек айының 7 күні  дәл сол Сот "Иран лаңкестік оиғаларда қаза тапқандардың отбасыларының бір мыңнан астам мүшесіне соғыс шығыны ретінде 2,6 миллиард доллар төлеуге міндетті" деген шешім қабылдады.

2016-шы жылдың сәуір айында да АҚШ-тың Жоғары соты заң шығарушы және атқарушы жүйелердің қысымымен Иран халқына тиесілі қаржының шамамен 1,75 миллиард долларын "Петерсон" деген істің шағымданушыларының ықтиярына беру шешімінің күшін жоюдан бас тартты. АҚШ-тың бұл әрекеттері елдер қолсұқпаушылық құқықтарға ие болып отырған жағдайда іске асырылуда. Негізінде, банктер – мемлекеттердің қаржыларының аманатшылары. Сондықтан Иранның есеп-шотын бұғаттаған немесе одан ақша алған банк аманатқа қиянат жасаған саналып, бұл мәселе халықаралық заңдар арқылы қарастырылады.

Теһран Университетінің халықаралық құқық пәнінің ұстазы Юсеф Мулаи: "Иран өз мәселесін дұрыс Сотта баяндап, АҚШ-тан шығындарын қайтаруды талап етуі керек.  Мұндай сот тек халықаралық Гаага соты саналады",- деді.

Олай болса, АҚШ Соттың шешіміне төзе алмаса да бұл айыптың қайталануы әлемдік қауымдастықта АҚШ үшін үлкен шығын келтіреді.

 

 

Тегтер

Oct 09, 2018 18:26 Asia/Almaty
Сараптама