• АҚШ Ираннан Пәкістанға газ тасымалдауға кедергі жасап отыр

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Иран мен Пәкістан арасындағы газ тасымалы туралы жасалған келісімге сілтеме жасап: "АҚШ Пәкістанның дамуына бөгет жасап, бұл елге газдың экспортталуын қаламайды",- деді.

Али Лариджани Түркияның Анталия қаласында өткен Еуразия одағына мүше елдердің парламентаралық үшінші отырысы аясында Пәкістан Сенаты төрағасының орынбасары Салим Мандвивалламен кездесуінде екі елдің ортақ дұшпандар мен қиындықтарға ие екендігін баяндап, Иран мен Пәкістан қатынастар деңгейін арттыру қажеттігін қуаттады.

Салим Мандвивалла Иран мен Пәкістанның мықты қарым-қатынастарын одан әрі жалғастыру қажеттігін қуаттап: "Пәкістанның жаңа үкіметі мен Парламентіндегі барлық белсенді партиялар қолдап отырған Ираннан Пәкістанға газ тасымалдау құбырларын жүргізу жобасы тез арада аяқталуы керек",- деп мәлімдеді.

 

 

Тегтер

Oct 09, 2018 21:11 Asia/Almaty
Сараптама