• Лариджани: Қазақстан - аймақ тыныштығының факторы

«Khane Mellat» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы Әли Лариджани Түркиядағы Еуразия экономикалық одағына мүше елдердің парламентаралық отырысы аясында Қазақстан Парламентінің Төрағасымен кездесуінде Иран мен Қазақстан арасында достық қарым-қатынас орнағанын қуаттап:

«Қазақстан аймақта маңызды рөл атқарып, тыныштықтың қалыптасуына себеп болып отыр. Сондай-ақ, Қазақстан көптеген мәселелерді шешуге қатысуда. Соның ішінде  Иран, Ресей және Түркия елдерінің Астанадағы келіссөздерін мысал ретінде атауға болады.

Экономикалық ынтымақтастықтың қажеттілігі Иран мен Еуразия экономикалық одағы келіскен тақырыптардың бірі болды. Сондай-ақ, Қазақстан Иранға инвестиция салып, екі елдің байланысын нығайта алады»,- деді.

Қазақстан Парламентінің Төрағасы Иран мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынастарды арттыруды Қазақстанның сыртқы саясатының басты мәселелерінің қатарында атады.  Ол сөзінің жалғасында Қаспий теңізі конвенциясына қол қойылуды екі ел стратегиясының бірі ретінде атап, оны теңіз жағалауындағы елдер арасындағы бейбітшілік пен  достық орнататын мекенге айналдыратын үлкен жетістік деп атады.

 

 

 

Oct 10, 2018 15:47 Asia/Almaty
Сараптама