• Джамал Хашоғджидің ісіне қатысты Сауд режимінің масқарашылықтары жалғасуда

БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик Сауд режимін сынайтын тілші әрі жазушы Джамал Хашоғджидің Стамбулда өлгені туралы хабарға реакция білдіріп, БҰҰ-ның Хашоғджидің ісін қадағалайтынын қуаттады.

Джамал Хашоғджидің белгісіз тағдыры Сауд режимін сынайтын адамдардың тіпті Сауд Арабиясының сыртында да қауіпсіз емес екендігін көрсетеді. Сауд Арабиясында адам құқығы мен баспасөз азаттығының бұзылуы ежелден байқалуда. Алайда, соңғы жылдары бұл әрекеттер арта түскен. Джамал Хашоғджи ұрланып отырған арабстандық бірінші қарсылас емес. Өткен жылдары Еуропада өмір сүретін және Сауд режимін сынаған саудиялық үш ханзада ұрланды. Сондай-ақ, Сауд режимінің шетелде тұратын кейбір сынаушыларының өлтірілгені туралы деректер де бар. Шетелде өлтірілген бұл адамдардың бірі Насер әл-Саид болды. Солтан бен Торки ханзада - Сауд Арабиясының билік басындағы әулетті қатты сынаушы ретінде танымал болған бірінші ханзада. Ол бірінші рет 2003-ші жылы Женевада, екінші рет 2016-шы жылы Каирге аттанар кезінде ұрланып, қазір Сауд Арабиясының абақтысында қамалып жатыр. Торки бен Бандар әл-Сауд – көптеген маңызды мәліметтерге ие болған Сауд Арабиясының бұрынғы қауіпсіздік қайраткерлерінің бірі. Ол 2012-ші жылдың маусым айында Сауд Арабиясында реформа жүргізу туралы өз жобаларын ұсынды. Торки бен Бандар әл-Сауд 2015-ші жылы Мароккоға аттанар кезінде қамуға алынып, Риядқа қайтарылды.

Сауд бен Сейф әл-Насерәл-Сауд - Сауд Арабиясын басқарып отырған әулет ханзадаларының бірі. Оның саяси белсенділігі байқалмағанымен, 2014-ші жылы ол елінің билігін сынайтын мәіметтерді жариялады. Содан бері ол туралы ешқандай  хабар естілген жоқ. 

Егер аздап кейінірек кезеңге шолу жасайтын болсақ, 1979-ші жылғы саудиялық қарсыластардың бірі Насер әл-Саидтің ұрлануы мен кейін өлтірілуіне жетеміз. Британиялық тыңшылардың бірі Насер әл-Саидтің ұрлануынан 30 жылдан кейін: "Ол ұрланып, өлтірілді. Оның мәйіті Жерорта теңізінің жағалауында ұшақтан лақтырылды",- деп әшкере етті. Соңғы жылдары Сауд Арабиясы  басшыларының қылмыстары артып, АҚШ Президенті Дональд Трамп оны растады.

Өткен жылдары, әсіресе Мұхаммад бен Салман Сауд Арабиясының тақ мұрагері болып сайланғаннан кейін бұл елдің көптеген бизнесмендері, діни азаматтары, ханзадалары, ғалымдары мен ақындары, жоғары оқу орындарының ұстаздары мен азаматтық белсенділері, сондай-ақ, біраз әйел абақтыларға қамалды.   

Кейбір хабарлардан Джамал Хашоғджидің Түркия сапарынан бұрын АҚШ-қа сапар шекпек болғаны туралы белгілі болуы бұл іске қатысты түсінбеушіліктер мен кейбір америкалық басшылардың осы іске қатыстылығын немесе одан хабардар болғанын және олардың рұқсатымен іске асырылды деген ықтималды арттыруда. Raialyoum: "Сауд Арабиясы  басшыларын сынаған тілші Джамал Хашоғджи жоғалып кетуінен бір күн бұрын АҚШ Президентінің "Рияд АҚШ-тың қолдауынсыз екі аптадан артық өмір сүре алмайды" деген сөзін сынады",- деп әшкереледі. Сонымен қатар ол Трамптың "Ғасыр мәмілесі" жобасын сынаушылардың бірі саналады. Raialyoum сондай-ақ: "Саудиялық тілші Сауд әулетінің сырынан хабардар болғандықтан, ол Сауд Арабиясының аймақтық бәсекелесі Түркияның қолына түспес үшін Рияд оған қарсы саяси және дипломатиялық ауыр қастандықты іске асыруға шешім қабылдады",- деп жазды. Анкара үкіметі Джамал Хашоғджидің өлтірілуін ресми растаса, осыдан бұрын Қатар оқиғасынан кейін қайшылыққа толы Түркия мен Сауд Арабиясының қарым-қатынасы дағдарыстың жаңа кезеңіне енеді.

 

 

Тегтер

Oct 10, 2018 18:31 Asia/Almaty
Сараптама