• «Монафеғин» лаңкестік тобы қастандық жобаларымен Иран үшін теріс кеңістік тудыруда

Бельгияда ирандық дипломаттың ««Монафеғин» лаңкестік тобының Париждің маңында өткен жиынына жасалған шабуылға қатысы болды» деген жалған айыппен құрықталуы – Иранға қарсы кеңістік тудырудың жаңа бір мысалы.

Шамамен үш ай бұрын Париждің маңында өткен «Монафеғин» лаңкестік тобының өздері мен  демеушілері үшін ешқандай жетістігі болмаған жыл сайынғы жиындарынан кейін Иранға қарсы қастандық үдерісі басталды.
Қастандық үдерісі ирандық дипломатты Германияның жауапты органдары ұстап, кейін Бельгияға тапсырып, Франция осы мәселеге байланысты Иранның Барлау министрлігінің активтерін бұғаттау туралы уәждерге ұласты.  

Қастандық жобасы басында ИИР президенті Хасан Руханидің еуропалық екі ел – Швейцария және Австрия сапарымен басталды. Ондағы мақсат Руханидің сапарына, Иран мен Еуропа байланыстарына кері әсер ету болды.
Руханидің сапары Америка «Ортақ қадам» бағдарламасынан шыққан соң Иранды жалған уәждер арқылы оқшаулауға күш салған жағдайда жүзеге асырылды. Сол кезде Иран СІМ Мохаммад Джавад Зариф былай деген болатын: «Иран әлемнің қай жерінде болмасын, қатігездік пен лаңкестікті қатаң айыптап, «Монафеғин» тобының қитұрқы қастандық әрекеттерін әшкерелеу үшін барлық тараппен серіктестік жасауға әзір».

«Монафеғиннің» лаңкестік әрі Ислам революциясына қарсы топ екендігі баршаға аян. Бұл топ Иранның басқа елдермен сыртқы қарым-қатынасына, соның ішінде еуропалық елдермен байланысына теріс әсер ету үшін әрдайым талпыныс жасап келеді.

Дегенмен, ИИР-ның қатігездік пен лаңкестікке қарсы айқын ұстанымы олармен қатаң күресіп жатқанына күмән тудырмайды.  

Бұл салада Еуропа елдері айқын саясат ұстануы керек. Олар лаңкестікпен күрес туралы жариялаған саясаттары мен іс жүзіндегі саясаттарының қаншалықты үйлесетіндігін дәлелдеу үшін мұнафықтардың Еуропада еркін жүріп-тұруы мен қатынауына және Францияда орналасуына жауап беруі керек.  

«Монафеғин» лаңкестік тобының Париждің маңындағы жыл сайынғы жиынына «жалға алған» баяндамашылары мен қонақтарының және кейбір мемлекеттік тұлғалардың, соның ішінде Дональд Трамптың адвокаты Руди Джулианидің қатысуы – 17 000 ирандықты шәһид еткен лаңкестікті растаудың белгісі.

Джон Хопкинс университетінің халықаралық байланыстар пәнінің профессоры  Даниэль Сьерре «Монафеғин» тобының биылғы жиыны туралы: «Бұл топты танитындар «Монафеғиннің» лаңкестік топ екенін біледі. Оны қорғаудың қажеті жоқ. Американың әскери және қауіпсіздік органдары «Монафеғин» тобымен серіктес сияқты. Сол себепті бұл лаңкестік топтың бюджетінің қайдан қамтамасыз етілетіндігі анықталуы керек» деді.

Осындай жағдайда шындықтың өңін айналдыруға талпыныс жасап, жалған айып тағу жобасы Иран мен Еуропа байланыстары үшін пайдалы емес. Жобаланған қастандықтарға шырмалмас үшін еуропалық басшылардан осы салада қырағылық таныту күтіледі.

Израильдік және америкалық орталар «Монафеғин» лаңкестік тобын қолдап, жалған қастандық жобалары арқылы Иранның бейнесін бұзуды күн тәртібіне қойған. Олардың көздегендері – Иранның Еуропа елдерімен байланысына теріс әсер ету. Оны залалсыздандыру еуропалықтардың қырағылығын қажет етеді.

 

Тегтер

Oct 11, 2018 14:08 Asia/Almaty
Сараптама