• Франкфурттағы көрмеде Ислам революциясы жетекшісінің Еуропа жастарына арнаған хаты ықыласқа бөленді

Франкфурттағы 70-ші кітап көрмесінің екінші күні Иран павильонында Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеидің Еуропа жастарына арнаған хаты таратылып, көрермендердің ықыласына бөленді.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, хазірет аятолла Хаменеи 2015 жылдың қаңтар айының 21 күні Францияда лаңкестік оқиғалар орын алып, бір француз басылымында ислам құндылықтарына құрметсіздік көрсеткен суреттер жарияланып, Батыс елдері басшылары мен ақпарат құралдарының исламға қарсы және одан үркіту бағытындағы әрекеттері көбейгеннен кейін Еуропа пен Солтүстік Америка жастарына жолдаған хатында: «Исламға қарсы осы ауқымды кампанияның себептері мен түрткілері жайлы сұрап, ізденіңіздер. Теріс жарнамалар мен соқыр нанымдарға реакция білдірер алдында  бұл дін туралы ешбір дәнекерсіз тікелей таным-түсінікке қол жеткізуге талпыныңыздар»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі, сондай-ақ, 2015 жылдың қараша айының 29 күні Батыс және Америка  елдерінің жастарына  екінші хат жолдап,  онда алпауыт елдердің екі қырлы критерийлерін сынап, Париждегі қарулы шабуылдар сияқты оқиғаларды Батыс елдері саясаттарының салдары деп атады.   

Тегтер

Oct 12, 2018 16:02 Asia/Almaty
Сараптама