• Трамп Сауд Арабиясын тағы қорлады

АҚШ Президенті бейсенбі күні Fox News ақпарат арнасының Fox & Friends газетіне берген сұхбатында: "Ұзақ жылдар бойы АҚШ Сауд Арабиясының қасынан табылмағанда бұл ел қазір болмаған еді, өйткені америкалықтар саудиялықтарды қорғап қалды",-деп баса айтты.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Дональд Трамп Сауд Арабиясының королі Малек Салманға АҚШ-тың оның елін қорғап келе жатқаны үшін эр-Риядтың Вашингтонға ақша беруі қажеттігін айтқанын мәлімдеді.

АҚШ Президенті бейсенбі күні осы елдің Миннесота штатында сөйлеген сөзінде Сауд Арабиясын қорғап жүрген америкалық сарбаздардың қаражатын төлеуі тиістігін қуаттады.

Трамп 2 қазанда АҚШ-тың Миссисипи штатында саудиялық басшыларды қорлап: "Сауд Арабиясының корольдік жүйесі АҚШ-тың қолдауынсыз екі аптаның ішінде құрдымға кетеді",-деген болатын.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Трам саудиялықтарды осылай қорлағаннан кейін  Twitter-дегі парақшасында: "Қорлыққа ұшырау – өз қауіпсіздігін бөгделерге тапсырудың салдары",-деп жазды.

Тегтер

Oct 12, 2018 17:24 Asia/Almaty
Сараптама