Ақпарат құралдарының бейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, АҚШ-тың оңтүстік-шығысында орналасқан Флорида штатында орын алған "Майкл" алапат дауылынан осы күнге дейін 6 адам қаза тапқан.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл дауыл, сондай-ақ, Флорида штатында 950 мыңға жуық үйдің электр қуатынсыз қалуына себеп болған.

"Майкл" алапат дауылы сағатына 250 км жылдамдықтағы желмен Алабама, Джорджия, Оңтүстік Каролина штаттарын да басып өтті.  

АҚШ Президенті Дональд Трамп бүкіл Флорида штатында төтенше жағдай жариялады.

Тегтер

Oct 12, 2018 17:43 Asia/Almaty
Сараптама