• Ресей армиясы стратегиялық ядролық күштерінің ауқымды әскери жаттығуы өтті

Ресей армиясы осы елдің стратегиялық ядролық күштерінің ауқымды әскери жаттығуы өткенін хабарлады.

Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресей Қорғаныс министрлігі бейсенбі күні өткен стратегиялық ядролық күштердің ауқымды әскери жаттығуында Баренц және Охот теңіздерінде Ресей Теңіз күштеріне қарасты ядролық сүңгуір қайықтардан баллистикалық зымырандардың атылғанын хабарлады.

Ресейдің Қорғаныс министрлігі, сондай-ақ, осы әскери жаттығуда ұзақ қашықтыққа арналған бомбалаушы ұшақтардың зымырандарын атуға жаттыққанын хабарлады.

Осы мәліметке сәйкес, әскери жаттығуда атылған барлық зымырандар алдын ала белгіленген нысаналарға дөп тиген.

Бұл жаттығулар Мәскеудің Батыспен текетіресі күшейген жағдайда Ресей армиясы тарапынан өткізілген әскери жаттығулардың жаңа кезеңі болып табылады.  

 

Тегтер

Oct 12, 2018 20:01 Asia/Almaty
Сараптама