• Иран мен Түркіменстан ақпараттық технологиялар және байланыс саласындағы байланыстарын арттырады

Иранның Ақпараттық технологиялар және байланыс министрі Теһран мен Ашхабадтың ынтымақтастықтарын дамыту мақсатында Ортақ ақпараттық технологиялар мен байланыс комитетін (ICT) құруды сұрады.

Мұхаммад-Джавад Азари Джахроми бейсенбі күні Ашхабадта өтіп жатқан Turkmen TEL-2018 атты халықаралық көрме аясында Түркіменстанның Байланыс министрі Байрамгелді Овезовпен кездесуінде: "Иран мен Түркіменстан ғылыми зерттеулер, соның ішінде қашықтықтан зондтайтын жерсеріктерін салу саласында әріптестік жасау үшін жақсы әлеуетке ие",- деді.

Байрамгелді Овезов те байланыс саласының Түркіменстанда жоғары қарқынмен дамып жатқанын баяндап: "Теһран мен Ашхабадтың бұл сала бойынша ынтымақтастық жасауы Түркіменстан үшін аса маңызды. Иран Түркіменстан үшін интернет транзитінің бір бағыты ретінде үлкен маңызға ие",- деді.

Иранның Байланыс пен ақпарттық технологиялар министрі Мұхаммад-Джавад Азари Джахроми екі күн бұрын Түркіменстанның Байланыс министрінің шақыруымен Turkmen TEL-2018 көрмесіне қатысу үшін бұл елге сапармен аттанған болатын.

 

Oct 12, 2018 20:15 Asia/Almaty
Сараптама