Түркияның қауіпсіздік күштері арабстандық сыншы журналист Джамал Хашоғджидің өліміне қатысты жаңа дәлелдер мен айғақтардың табылғанын хабарлады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Түркияның қауіпсіздік күштері іс-түссіз жоғалып кеткен арабстандық журналист Джамал Хашоғджидің Стамбұлдағы Сауд Арабиясының консулдығы ғимаратына кірер алдында сағатының диктофонды қосқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ CNN арнасы: "Түркияның қолында арабстандық тілші Джамал Хашоғджидің Сауд Арабиясының Стамбұлдағы консулдығында өлтірілуіне қатысты аудио және видео айғағы бар",- деп мәлімдеді.

Еуропа комиссиясының баспасөз өкілі Майя Косянчич комиссияның Сауд Арабиясы басшыларына Джамал Хашоғджидің іс-түссіз жоғалуына қатысты ашық әрі жан-жақты тергеу жұмыстарын жүзеге асыру керектігін мәлімдегенін айтты.

 

 

Тегтер

Oct 13, 2018 20:07 Asia/Almaty
Сараптама