• Иранның спорт командасы 2018 жылғы Азия Пара ойындарының үшінші кезеңін табысты аяқтады

Джакартада өткен 2018 жылғы Азия Пара ойындарының үшінші кезеңінде Иран спортшылары 136 медальмен үшінші орынға тұрақтап, өз жұмысын аяқтады.

Индонезияның Джакарта қаласында өткен 2018 жылғы Азия Пара ойындарының үшінші кезеңі сенбі күні мүгедек ерлер арасында баскетболдан финал ойынмен аяқталды. Иран спортшыларының командасы осы ойынға 212 адаммен қатысып, 51 алтын, 42 күміс және 43 қола жүлде, жалпы саны 136 медаль алып, өткен кезеңмен салыстырғанда бір саты жоғары көтеріліп, үшінші орынға шықты.

Ирандық жүзуші Шахин Издияр Азия Пара ойындарының осы кезеңінде 6 алтын мен бір күміс алды.

Қытай мен Оңтүстік Корея жалпы есепте Иран командасынан басым түсіп, бірінші және екінші орындады иеленді.     

 

 

Тегтер

Oct 13, 2018 21:52 Asia/Almaty
Сараптама