• Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымында

Иранның ауыл шаруашылығы қызметтеріне мамандандырылған компаниясының басшысы Аббас Раджаи Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымында (World Intellectual Property Organization(WIPO) "Иран уылдырығы" деген сауда брендінің тіркелгенін хабарлап:

"Ел ішінде "Иран уылдырығы" деген сауда бренді тіркелген болатын. Енді бұл белгі Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымында да тіркелді",-деді.

Соңғы онжылдықта Каспий теңізіндегі бес ел – Иран, Ресей, Қазақстан, Түркіменстан мен Әзірбайжан республикасына ортақ саналатын бекіре балықтарының қоры жөн-жосықсыз және заңсыз аулау мен бұл балық түрінің жетілу жасының жоғарылығы сияқты себептерден 3 мың тоннадан 500 тоннаға дейін азайған. Бұл Каспий маңы елдері үшін қатер дабылы саналады.

Каспий теңізі маңындағы бес ел басшыларының Бакуде теңіздегі биоресурс жөніндегі ортақ комиссия отырысында қол қойған келісімі бойынша, теңіздегі қорды қайта қалпына келтіру үшін бес жыл бойы бекіре балығын коммерциялық мақсатта аулауға тыйым салынады.  

 

Тегтер

Oct 14, 2018 09:53 Asia/Almaty
Сараптама