• 2018 жылғы Жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарында Иран еркін күрестен 2 күміс жүлде алды

Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы III Жазғы олимпиада ойындарының жалғасында Иранның еркін күресшілер командасының мүшелері Мұхаммад Карими 65, Амир Хосейн Заре 110 кг салмақ бойынша күміс жүлделер алды.

IRNA ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі хабарлауы бойынша, осы екі жүлдені қосқанда Иран командасының медальдарының саны 10-ға жетті.

ИИР осы күнге дейін аталмыш ойындарда 6 алтын, 3 күміс және 1 қола жүлдеге ие болды.    

Oct 15, 2018 16:20 Asia/Almaty
Сараптама